5 күн жалған: өртке оранған 5 ғұмыр  - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Азалы күн!

Астанада жеке үйлердің бірінде болған жойқын өрт салдарынан 5 бала қаза тапты.

Астана қалалық ТЖД  «101» пультіне сағат 02:34-те Сарыарқа ауданындағы «Көктал» тұрғын алабы, Шыңғыстау көшесі, 5 мекенжайында орналасқан шаруашылық құрылысының өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

30 шаршы метр аумақты шарпыған жалын салдарынан 25 шаршы метрлік төбесі опырыла құлаған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бөлімшесі тілсіз жауды 03:06-да ауыздықтап, 03:24-те толықтай сөндірді.

Өрт орнынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018  жылдары туған бес баланың мәйіті табылды. Олардың әке-шешесі жұмыста болған. Өрт сөндіруге Астана ТЖД-нің 17 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ ТЖК Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының 4 адамы мен 1 техникасы тартылды.

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы қабырғасы қайысқан қазақпен бірге көңіл айтады. Азалы күн...

0 Пікір Кіру