Президент браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспекторды орденмен марапаттады - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Ерлан Нұрғалиев

Ақорда сайтының баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиевті Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапттады.  

Сонымен қатар, ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Ерлан Нұрғалиевтің әріптесі Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Ницык Петр Алексеевичт е марапатталды. Осыған дейін Мәжіліс депутаттары "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевке "Халық Қаһарманы" атағын беруды ұсынған еді.

Еске салайық, 15 қаңтарда елордалық № 1 ауруханасында "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы қайтыс болды. Браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспектордың бірі Петр Ницык оқиға жайлы айтып берді. ҚР Ішкі істер министрлігі "Охотзоопром"ӨБ" инспекторын өлтірді деген мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктілердің суретін жариялады. Осы дерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған") бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр.  Кім болса да жауапкершілікке тартылады - Лукин инспекторды өлтіру жайлы.

0 Пікір Кіру