Қазақстан атауы өзгере ме? Тоқаев ұсынысқа қатысты пікір білдірді - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Басқа да проблемалар жетеді

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.  

"Бізде "Қазақстан" деген сөз бар. Соның өзі жетеді. Солай қала беруі керек - Қазақстан Республикасы. Президент Қазақстан Республикасы атынан көптеген халықаралық шартқа қол қойған болатын. Қазақстан атауын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, өзгертудің мәні де жоқ. Басқа проблемалар жетеді", - деді сенатор журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, таяуда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынған болатын. "(...) Қазақстан атауын қолдану барысында елімізге ресми түрде Қазақ Республикасы атауы берілуі мәселесіне қайта оралуды ұсынамыз. Бұл бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев бес жыл бұрын көтерген еді. Елбасының ұсынысын практикалық түрде жүзеге асыруға уақыт келді деп санаймыз. Әр затты өз атауымен атаған жөн, қараны - қара, ақты - ақ, қазақты - қазақ. (...)", - деген еді Азат Перуашев.

1 Пікір Кіру
  • Алишер 01 Ақпан, 2019

    Менің ойымша, мемлекеттің атауын өзгерту мүлдем қажет емес! Ақшаны бостан-босқа құрту! Осылай жүре берсек, ешқашан дамымаймыз!