Әлихан Бөкейханның шөбересі Алаш көсемі туралы не біледі? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Петр Бөкейханов

Алаш көсемі, қоғамның және ұлттың қайраткері, «Алаш орданың» төрағасы Әлихан Бөкейханның ұрпақтары туралы дереккөздер сирек кездеседі. Оның жұбайы Ольга Севостьяновадан туған баласы Өктай (Сергей) Бөкейханов. Өктай Бөкейхановтан Евгений Бөкейханов тарайды. Ал біз дерек етіп көрсетіп отырған ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлының шөбересі, Евгений Бөкейханның баласы Петр Бөкейханов.

Петр Бөкейханов – Алаш көсемінің тікелей ұрпағы, шөбересі. Мәскеуде тұратын ол бабасы Әлихан туралы 7-8 жас шамасында ғана білген және таныған. Себебі, ол кезде Алаш қайреткерлерінің атын атаудың өзі қылмыс еді.

Жанға бататыны да осы. Шөбересі қазақ тілінде сөйлемейді, жазбайды, тіпті Қазақстан деген ел туралы ешқандай ақпарат та білмейді. Петр Бөкейханов өзі орыс тілінде қалам тербеп жүрген жазушы. Бірнеше кітаптың авторы.

Төмендегі шағын видеодан Петр Бөкейхановтың Әлихан атасы туралы қандай ақпарат білетіні және оның қайраткерлігі туралы сөз болады.

0 Пікір Кіру