«Атқарылмаған іс көп» Депутат министрден 78 миллиард теңгенің қайда кеткенін сұрады - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Ақша бөлінді, дегенмен атқарылмаған іс әлі де көп

Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев қаржы министрлігінен цифрландыруға бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын және осыған жауапты адамдардың істі қадағалауын сұрады. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.  

Омархан Өксікбаевтың айтуынша, қаржы министрлігіне цифрландыру үшін мемлекеттен үлкен мөлшерде қаржы бөлінген. 1999 жылдан 2018 жылға дейін қаржы министрлігіне, оның кеден, қазынашылық, салық органдарын цифрландыру үшін республикалық бюджеттің ғана өзінен 78,5 миллиард теңге бөлінген. Оны долларға шаққанда жарты миллиард доллар. Бұл ақшаға автоматтандыруды ғана емес, басқа да алғы шептің барлығын енгізуге болатынын айтып өтті.

«Министрдің сөзінше істелмеген жұмыс әлі бастан асады. Сонда осы ақшаның бәрі қайда кетті? Не енгіздік сонда? Бүгінгі баяндалған осы деңгей сол қаржыға тұрарлық дүние ме?", — деп ашуланды Омархан Өксікбаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Мәжілісмен мемлекеттен, осыған жауапты адамдардан бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын тексеруді ұсынды.

Депутат өңірлерге сапармен барған кезде, салық органдарының ғимаратты кеңейтіп, салық төлеушілерді қабылдайтын бөлмелер жасаумен әлек болып жүргенін айтты.

«Дамыған мемлекеттерде салық төлеуші салық органының қайда екенін білмейді. Салық органының есігін ашпайды да, біз соған ұмтылуымыз керек. Соған жетуіміз керек. Неге біз ғимаратты кеңейтіп, азаматтарды қабылдайтын орган жасаймыз? Ол орынның керегі де жоқ, салық төлеуші мен салық органының қарым-қатынасы электронды жүйеде, қашықтықта жүзеге асырылуы керек", — дейді депутат.

Ол Есіл ауданының салық органына барған кезде, өзі куә болған көріністі баяндап берді.

"Салық төлеушілердің салық органында қара тер болып жүгіріп, есеп беретін уақытында барып көріңізші. Мен өзім Есіл ауданының салық органында бір рет болдым. Сол жерде тентіреп жүрген адамдарды көресіз. Жемқорлық деген сол жерде жатыр. Осының бәрін жабатын кезіміз келген сияқты", — деді мәжіліс депутаты.

Ол сонымен бірге, Есіл ауданының салық органына барған кезде, өзі куә болған көріністі баяндап берді.

0 Пікір Кіру