Тоқаев жұмыс сапарымен Семейге келді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Тоқаев Семейде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында президент "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді", – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қарағайлы" шағынауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады. Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, "Абай әлемі" сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездесуі жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

0 Пікір Кіру