Денис Теннің қазасы: Қылмыскерлер жазасын қайда өтейді? - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

18 жылдық жаза

ҚР ІІМ ҚАЖК өкілдері Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов жазасын қайда өтейтіні туралы айтты. Олар жазасын өтеу режимі қайта қаралмау шарты бойынша алдағы 18 жылды Алматы облысы Заречный ауылындағы ҚАЖД ЛА-155/8 қауіпсіздігі ең жоғарғы түзету мекемесінде өтейді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Алматы облысы ҚАЖД ЛА-155/8 Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сайтындағы мәліметке сәйкес, ЛА-155/8 мекемесінің аумағында 10 гекатар өндірістік аймақ бар, бірнеше цех, оның ішінде: ескерткіш дайындау, тротуар плиткалары жәнемрамор мен тастан жасалатын басқа да заттар. 

Киім тігу және аяқ киім тігу, әскери киім, жатын бөлмеге арналған заттар да осында бар.

Осы қылмыс бойынша үшінші сотталушы Жанар Толыбаева жазасын (төрт жыл бас бостандығынан айырылды) - Алматы облысы Ілеу ауданы Жауғашты ауылында орналасқан ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтейтін болады.

ЛА-155/4 өнідірістік аймақ бар. Киім тігу, ет және балық өнімдері, консервтеу және нан пісіру наубайханасы бар. Киім тігу цехында 200 адам жұмыс істейді.

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

0 Пікір Кіру