Шенеуніктердің саны 25 процентке қысқарады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Тоқаев шенеуніктер санын 25 процентке қысқартуды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Пандемия мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің басым бөлігін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру шаралары мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын және қысқарту қажет екенін көрсетті. Осы орайда мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырамын", – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президенттің айтуынша, биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқарту қажет.

"Осылайша, шенеуніктерді 25 процентке қысқарту міндетін 2021 жылда орындай аламыз. Цифрландыруды ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру шешімін қабылдаймыз. Ал үнемделген қаражат есебінен жұмыста қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі", – деп атап көрсетті Тоқаев.

0 Пікір Кіру