Өмір бойы бас бостандығын айырылған Ақжарқынның сот үкімі тағы да өзгеріссіз қалды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот үкімі шықты

«Есірткі тасымалдады» деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айырылған қандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі тағы да өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылдың наурыз айында Ақжарқын Тұрлыбай жазасын елге келіп өтеуі мүмкін деген сыбыстар шыққан болатын.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР бас прокурорының орынбасары:

«Қытаймен толық шарттарымыз бар. Егер біздің азаматтарымыз сол жерде кінәлі деп танылып бас бостандығынан айрылса, біз өкілетті органдардың арасында осы шартқа сүйене отырып азаматымызды елге қайтаруға толық мүмкіндігіміз бар».

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылды Гуанчжоу әуежайында ұсталды, оған шекарадан 4 жарым келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Қытай соты алдымен оны өмір бойына бас бостандығынан айырған.

0 Пікір Кіру