Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын қашан жасайтыны белгілі болды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Мемлекет басшысының кезекті жолдауы жарық көреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауды 1 қыркүйекте өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жариялайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деп жазды ол.

0 Пікір Кіру