Назарбаевтың қатысуымен өтетін үлкен жиын тағы да кейінге қалды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Бүгін болатын Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы кейінге қалдырылды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы 28 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Твиттерде хабарлады.

"Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды", - деп жазды ол.

Байбек партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында бюро мүшесі, премьер-министр Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындардың табысын ынталандыруды тапсырғанын жеткізді.

Сонымен қатар өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері ұсынылады.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы алғашында 24 тамызға жоспарланған еді. Кейін жиынды 25 тамызға ауыстырды.

0 Пікір Кіру