Төрімізге шығардық - на politic.bugin.kz
Ақниет Бақытжанқызы - на politic.bugin.kz Ақниет Бақытжанқызы

Балақтағы бит

Ұлттық кодымызды ластағандар кімдер? (Көрген көз, естіген құлақ, жазған қолым кінәлі)  Ақпараттар ағыны- арнасынан тасып аққан сәтте, санаға азық таппай, пілтеменен жол іздеудеміз.  Қаусап тұрған қоғамда, боғауыз сөзбен  қоржынын кеңейтіп, зілді елге зәрін шашып жүргендер қаншама?  Өткен ит жылында барлығын "#xит" еттік. Төрімізге шығардық. Жұртты шулаттық.  Қайда қарама "байзаковаайжан мен шырыннарчаеваның" бажырайған суреттері. (Рысбек Аташ айтпақшы) "Оңға қарасамда сен, солға қарасамда. Жанға жара салма сен, қалай қарасамда." -демекші, шықпаған жері, айтылмаған сыры қалмады. Біраз жерге дейін апарып тастадық-ау. Детективтік  қанымызда сірә басымдау сияқты.

Бұл дүние сонау атам заманында да болды. Түндігін түрген киізүйде де болар дүние болғанды.Тариx куә. Тариx куә болғанмен, су бетіне шығып, жалпақ жұртқа жар салғанымз  жоқ. Бетімізді тілмедік.  Қазір ше???

Балақтағы битті,төбеге шығардық (қолдап). Ден беріп, арбасын одан әрі жұмыла, қырға сүйредік(ел білсін деп). Ел айтып-айтып қойды. Дегенмен бықсыған отты, ел болып үрлеп, тұтатып, шоғына өзіміз әбден күйдік. Санамызды да сол түтінмен улап, xалқымызды да аластап үлгердік. 


0 Пікір Кіру