Елімізде биыл өтетін халық санағы кейінге қалды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанда халық санағы Covid індетіне байланысты 2021 жылға шегерілді

Қазақстанда ұлттық халық санағы келесі жылдың қазанына шегерілді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Азаттық радиосына сілтеме жасап. Бұл туралы елдің статистика комитеті хабарлады. Комитет бұл шешім коронавирус инфекциясының тарауымен туындаған жағдайға және билік енгізген карантин шектеулеріне байланысты қабылданды дейді.

Статистика комитетінің хабарлауынша, санақ жүргізу әдісі өзгермейді: келесі жылдың 1-15 қазанында арнайы сайтта интернет-сауалнама жасалады, ал 1-30 қазанда тұрғындар арасында жаппай сауалнама жүргізіледі.

Халық санағын әуелі 2019 жылы өткізетін болған. Алайда статистика комитеті "ұлттық санақты жүргізу мен оған дайындық жөнінде ұйымдастыру" мәселелері бар деп санақ жүргізуді келесі жылға қалдырған.

Осыған дейінгі санақ 11 жыл бұрын, 2009 жылы жүргізілген. Оның нәтижесі бірнеше шегеруден кейін тек 2010 жылдың қарашасында ғана жария болды. Кей тәуелсіз және билікке жақын бақылаушылар санақ нәтижесіне күдік келтірді.

Статистика агенттігінің (агенттік кейін комитет болып өзгерді) бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктері халық санағы кезінде құқықбұзушылық жасады сотталған. 2009 жылғы халық санағына 1,144 миллиард теңге бөлінген. Бұл – сол кездің валюта бағамы бойынша шамамен 7,6 миллион доллар. Тергеу бөлімі науқанды жүргізуге бар болғаны 379 миллион теңге жұмсалғанын, қалғанын агенттік пен жекеменшік мекемелердің басшылары жымқырғанын мәлімдеді.

0 Пікір Кіру