Алматыда тағы 360 «Сергек» камерасы орнатылады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қосымша камералар орнайды

Алматыда 360-тан аса қосымша "Сергек" камерасы орнатылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде қаладағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Жол қауіпсіздігі" және "Сергек" сынды ақпараттық жүйелер пайдаланылып жатыр. Олардың санын тағы 362-ге арттыру жоспарланып жатыр. Олар қаладағы жол апаты жиі болатын, жол жүру ережесі жиі бұзылатын орындарда орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді.

Сондай-ақ Алматы қаласының полиция департаментіндегілер 6 айда бейне-бақылау камераларының көмегімен 3 392 қылмыс ашылғанын атап өтті.

0 Пікір Кіру