Қазақстанда пандемияға байланысты телеарна жабылды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Отандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін "Tamasha TV" телеарнасы бүгін, 27 шілдеден бастап жұмысын тоқтатады.

Телерадиокорпорациясы коронавирустың салдарынан Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыстың төмендегенін айтты. Келесі жылғы болжам да көңіл көншітпейді.

Бүгінге дейін "Tamasha TV" телеарнасы жарнамадан түсетін табыспен қаржыландырылған. Телеарна еліміздегі ойын-сауық бағытындағы алғашқы арна ретінде 2018 жылы эфирге шықты.

0 Пікір Кіру