«Тоқтамай тұр»: Тоқаев маңызды мәселе туралы айтты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Президент Көбейтұз көлі туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтардың қызғылт түсті Көбейтұз көліне қатысты әрекеті туралы айтты.

"Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды", - деп жазды прзидент Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып бергенін айтты.

"Білім, экология, ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек", - деді ол.

Әлеуметтік желі қолданшылары адамдар көлдегі тұзды қап-қабымен әкетіп, коронавирустан қорғайтын "дәрі" ретінде сатып жатқанын жазған болатын. Билік Көбейтұз және Қоржынкөл көлдерін жекеменшік секторға 49 жылға жалға беруді шешті.

Бұдан бөлек көлігімен Көбейтұзға кіріп кеткен жүргізуші де қазақстандықтардың ызасына тиді. Полицейлер оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айта кетейік, аталған тұзды суда дуналиелла балдыры гүлдейтіндіктен, Көбейтұз көлі қызғылт түске ие.

Ақмола облысы мен Ерейментау аймағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін: Көбейтұз, Теңіз, Құрбет, Қоржынкөл көліне және Ерейментау ауданының аумағында орналасқан барлық көлдерге баруға тыйым салынған болатын.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру