Президент жауапкершілікті мойнына алмаса, үкіметті ауыстыру керек - белгілі саясаткер - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Белгілі саясаткер үкіметті ауыстыру керектігін айтты

Үкіметтің жұмысын осыған дейін қатаң сынға алған президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше өз жарлығымен цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қызметінен босатты. Ал елдегі ахуалды тұрақтандыруға екі апта уақыт берген президенттің сынақ мерзімі үш күннен кейін аяқталады. Мемлекет басшысының осы жолғы сыны - соңғы ескертуі іспетті.

Президент берген 2 апта аяқталуға жақын. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуал әлі де көңіл көншітпейді деп отыр. Әсіресе қоғамдық ұйымдар мен қарапайым азаматтардың қаражат жинап, оттегі концентраторларын сатып алып жатқаны ақылға қонымсыз деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

– Мемлекеттік органдар тарапынан үйлестіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен халық бұл мәселені өз күштерімен шешпекші. Бұл - нонсенс. Айналып келгенде осының бәрі ауруханалардың тікелей міндеті. Алайда азаматтар шаруашылыққа арналған оттегі баллондарын сатып алып, тіпті пәтерлер мен жер үйлерде пайдаланып жатыр. Оның жарылыс қаупі бар ғой. Ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету және жеке үйлерде оттегі баллондарын қолдану мәселесін шешу үшін үкімет пен әкімдерге 5 күн уақыт беремін.

Үкімет пен әкімдердің бұл тапсырманы орындауы үшін 3 күн қалды. 10 шілдеде айтқан 2 аптаның аяқталуына да осынша уақыт бар. Экс-сенатор Зәуреш Баталова 2 апталық карантинді тағы 2 аптаға созудың өзі үкімет жұмысының тиімсіз болғанының дәлелі деп отыр. Саясаткердің айтуынша, қазіргі министрлер мен әкімдер қысылтаяң кезде өз бетімен шұғыл шешім қабылдамақ түгілі, өз атынан сөйлей де алмайды дейді.

Зәуреш Баталова, Саясаткер:

– Бірдеңе болса «президент айтқандай», «президент қабылдағандай», «президент тапсырма бергендей» деп содан шығады. Мұны тоқтату керек. Тоқаев өзінің мойнына жауапкершілікті алмаймын десе, ол бүгінгі күнде үкіметті отставкаға жіберіп, жаңа үкіметте нақты іске дайын адамдар, өздері шешім қабылдайды және сол шешімге жауап беруге дайын адамдарды пайдалану керек. Президент те Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті мен аймақ басшыларының мұнай бағасы жоғары болып тұрған мамыражай кезде ғана жұмыс істеп үйренгенін беттеріне басты.

oinet.kz

0 Пікір Кіру