Қазақстанды Беларуське тартуымыз керек - Лукашенко - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Лукашенко Қазақстанды Беларуське тартуы керектігін айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен өндірістік байланысты нығайту өте маңызды екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Беларусьтің Қазақстандағы жаңа елшісі Павел Утюпинге тапсырма берді. Ол жаңа елші қос ел арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық байланысты дамытады деген үмітте екенін жеткізді.

"Мен Президентке (Қазақстан - ред.) өте ақылды және әдепті адам келеді деп ант бердім. Бұл сала біз үшін өте маңызды. Сондықтан демалуға бара жатырмын деп ойламаңыз. Біз Қазақстанды Беларуське тартуымыз керек. Бізде ауыл шаруашылық техникаларын жасау саласы дамыған. Оларда жоқ тиісті құзыреттер бізде бар", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, Павел Утюпиннің өнеркәсіп саласындағы тәжірибесі Қазақстанмен сауданы кеңейту мәселелерін шешуге көмектеседі.

"Ел де, халық та қызық, ал жұмыс көп", - деді Беларусь президенті.

tengrinews.kz

0 Пікір Кіру