Тағы да заңсыз әрекетке барып отырсыздар сіздер - Қызылорда тұрғыны - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Жаңақорған тұрғыны Әбдіқалықованы түсірген видеоны өшіруін талап еткен әкімдікке үндеу жасады

Кеше Қызылорда облысының тұрғыны, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованың өңір әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы аудандарды аралау барысында көліктердің жолын жаптырып тастады деп видеоға түсіріп алғаны қызу талқылануда. Алайда дереу әкімнің өзі мәлімдеме жасап, ол әрекеттің Жаңақорған ауданындағы учаскелік инспектордың «шикілігі» екенін айтып ақталды. Сонда да «қадалған жерінен қан алмай қоймайтын» сыңай танытқан Сандуғаш Тұрлыбекова, facebook парақшасына оған қарсы тағы бір видеоүндеу жариялады.

«Бәрі жабылып, учаскелік полицияны кінәлі қылатын сияқты ғой. Облыс әкімі айтатын сөз бе осы?» – дейді аудан тұрғыны.

«Ау, ауылдастарым, облыс әкімі келерде халықтың жолын жауып, соншалық құрмет көрсеткен екенсіңдер, қолмен істегенді мойынмен көтермейсіңдер ме, бұғып қалмай? Әбдіқалықованың тапсырмасы болса, оны айтыңдар, ез болмай.

Сосын ауруханадағы перчатка сұратқан Жанар акушеркадан жауап алудың орнына, неге санитарканы қысып жатырсыздар. Жаңақорған аурухана басшылығы ауруханада барлығы жеткілікті болса, неге қайыршы құсап 20 перчатка сұраған?

Тапсырмамен жүрген төменгі қызметкерлерді кінәлағанша, Гүлшара Әбдіқалықова, нағыз кінәлілерге шара қолданылсын! Сосын халықтың жағдайын білгіңіз келсе, маған келіңіз, үтір-нүктесіне дейін санап айтып берейін. Шындықты айтайын» деген жазбасына қоса, аудан орталығына облыс әкімі табан тіреген сәтті баяндаған видеосын да жүктеп қойды.

Ол видеоүндеуден аңғарғанымыз, оған әкімдіктен «алдындағы видеоны әлеуметтік желілерден алып таста» деп хабарласып жатқан көрінеді. Айтуынша, «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» дегендей, тек «жоғары жақтың бұйрығын орындаған» учаскелік инспектор мен аудандық аурухананың санитарлық қызметкері жұмыстан шығарылғалы жатыр екен.

«Тағы да заңсыз әрекетке барып отырсыздар сіздер! Тоқтатыңыздар бұндайды!» – деген Сандуғаш Тұрлыбекова, Гүлшара Әбдіқалықовадан қарапайым бұқараның алдына жолдарды жаппай еркін келіп-кете алмаса, орнын босатуын талап етті.

kznews.kz

0 Пікір Кіру