Арқанкергендегі қанды оқиға: Жоғарғы сот Челахқа қандай үкім шығарды? - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Жоғарғы сот Челахтың арызын қарап шықты

Бүгін Қазақстанның Жоғарғы соты өмір бойына сотталған Владислав Челахтың арызын қарап шықты. Жоғарғы сот кассациялық сот алқасы қылмыстық іс бойынша барлық сот актісін өз күшінде қалдырып, Челахтың арызын өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

"Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөнінде сот алқасы үкім шығарды: Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сотының Челах Владислав Валерьевичке қатысты шыққан үкімін өзгертусіз қалдырылсын. Түсіндіріліген үкім сотталушы Челахқа және процеске қатысушы барлық мүшесіне жіберіледі", - деді Жоғарғы сот қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясының судьясы Абай Рахметулин. 

Жоғарғы сот кассациялық инстанциясы өмір бойына сотталған Владислав Челахтың арызын қарастырып жатыр.

Еске салайық, 18 қаңтарда Қазақстанның Жоғарғы соты Владислав Челахтың ісін қайта қарайтыны хабарланды. Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірді.

Арқанкерген оқиғасы - 2012 жылдың 31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға. "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасында 14 шекарашының және бір қорықшының мәйіті табылды, заставадағы "Арқанкерген" постының ғимараты өртеп жіберілген. Аман қалған 15-шекарашы сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды. В.Челах тергеу жұмысы барысында басты күдікті ретінде қарастылып, қамауға алынған болатын.


0 Пікір Кіру