Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетпек - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Коронавируспен күрес

Қазақстан Тәжікстанға жасанды тыныс алдыртудың портативті аппараттарын жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова хабарлады.

Бюрабекованың онлайн брифингте айтуы бойынша, шынымен де Қазақстан үкіметі жыл соңына қарай Тәжікстанға жасанды тыныс алдыртудың портативті аппараттары түрінде гуманитарлық көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Ол портативті аппарат пациентті жедел жәрдем көлігімен тасымалдау кезінде пайдаланылатынын атап өтті. Медициналық құрылғыны Ақмола облысында орналасқан кәсіпорын шығарады екен.

Вице министрдің айтуынша, қазіргі таңда аталған кәсіпорын өндірістік қуатын арттырды. Олар портативті аппараттардан бөлек, түрік компаниясымен бірлесіп, елге қажет стационарлық жасанды тыныс алдырту аппараттарын да шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс таяу арада жолға қойылады.

Жыл соңына дейін жасанды тыныс алдырту аппараттарына қажеттілік толығымен қанағаттандырылады.

0 Пікір Кіру