Оқушылар бірінші тоқсанда қалай оқиды?  - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Үкімет шешім қабылдады

Қазақстандық оқушылар бірінші қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша білім, цифрлық даму министрліктері мен әкімдіктер орта білім беру ұйымдарының осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқу форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етсін", - деді премьер министр үкімет отырысында. 

Сонымен қатар ол бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұған дейін денсаулық сақтау және білім министрліктері эпидемиологиялық ахуалға байланысты балаларды қашықтан оқытуды жалғастыруды ұсынған болатын.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру