Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Elbasy.kz хабарлайды

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Елбасы бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отырғанын айтты.

Назарбаевтың айтуынша, қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр. Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу – Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

"Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның – әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр", - деп толықтырды ол.

Елбасы мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

0 Пікір Кіру