Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізбек - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысы бүгін, сағат 11:00-де болады

Қасым-Жомарт Тоқаев сағат 11:00-де видео байланыс арқылы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, жиында үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді.

"Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деп жазды ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.

0 Пікір Кіру