Алдағы екі апта шешуші кезең болмақ - Тоқаев - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Президент коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақталатынын айтты.

"Құрметті отандастар, баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны, шамамен, 12 миллионға жетті. Соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды", - деді Тоқаев кешегі телеүндеуінде.

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де карантин күшейтілді. Әуе мен көлік қатынасы қайтадан шектелді. Ал елімізде екі апталық карантин жарияланды. 

"Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт", - деп атап көрсетті Тоқаев.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру