АҚШ ДДҰ-дан шығатынын мәлімдеді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

ДДСҰ АҚШ-тың ұйымнан шығу мерзімін жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ-тың 2021 жылғы 6 шілдеден бастап ұйым құрамынан шығатынын айтты. Сонымен қатар бұл жаңалықты БҰҰ-ға ресми түрде ескертті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

ДДСҰ өкілінің айтуынша, олар АҚШ-тың БҰҰ бас хатшысына 2021 жылғы 6 шілдеден бастап ДДСҰ құрамынан шығу туралы  ресми өтініш жібергені туралы хабарлама алған.

Сондай-ақ өкіл бұл мәселе бойынша қосымша ақпараттың жоқ екенін де ескертті.

Айта кетейік, 7 шілде күні АҚШ БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке ДДСҰ-дан бір жылдан кейін шығатынын хабарлады. Ал 29 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон ДДСҰ-мен байланысын тоқтататынын мәлімдеді.

0 Пікір Кіру