Митинг: Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Бас прокуратура митингіге байланысты үндеу жасады

Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Жеке тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылдың 6 маусымында заңсыз бұқаралық митингіге шығуға шақырып жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңа белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін митингіні ұйымдастыру және қатысу заңсыз болып саналады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (15 тәулікке қамауға дейін).

Егер бұл әрекет азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін болса, қылмыстық кодекстің 400-бабы ("Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Осыған байланысты, азаматтарды арандатушылыққа ермеуге және заңсыз бұқаралық акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу кезінде жаңа заң ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз", - деді бас прокурордың орынбасары.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру