Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.

Еске салсақ, 14 мамыр күні ҚР Парламентінің Cенаты аталған Заң жобасын екінші рет қарап, Мәжіліске қайтарды. Депутат Еңсегенов «Қорғаныс құралын қолдануға, бет бүркеуге рұқсат берілуі керек» деген ұсыныс айтқан. Сондай-ақ депутат «Митинг» туралы заңда қазақ тілінен 422 қате жіберілгенін де сөз етті.

Сонымен бірге Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Азаттық рухы

0 Пікір Кіру