Полицейлерді сынаған Жанпейісов бостандыққа шықты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Руслан Жанпейісов полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, бостандыққа шықты

Белгілі қоғам белсендісі шымкенттік Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты.

Қоғам белсендісі Ерлан Тұрғымбаевқа жасаған үндеуінде полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде берді. Сонымен қатар ішкі істер министрінен кешірім сұрады.

"Соңғы жеті жылда мен Қазақстан полициясының жұмысын жақсартуға үлесімді қосуға тырыстым. Видеосюжеттер мен үндеулер жасау барысында мен полицейлердің жұмысын сынға алдым. Себебі олар қателер жіберді. (...) Бірақ мені ешкім тыңдаған да жоқ, түсінген де жоқ", - деді Жанпейісов.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Руслан Жанпейісовтің абақтыдан босатылғаны хабарланған еді.


0 Пікір Кіру