Тоқаев ұсынған жаңа бағдарлама бойынша кімдер үй алады? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты

Отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері 3 күнкөріс шегінен аспаса, онда олар "5-10-20" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Ол баспана азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты берілетінін атап өтті.

"Біріншісі, айлығы төмен адамдар. Егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады", – деді Атамқұлов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2%-пен ипотека беріледі. Яғни мұндай азаматтар "2-10-20" бағдарламасына қатыса алады.

"Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа "5-10-20" бағдарламасы бойынша ұсынылады", – деді министр.

Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспаналы болуға мүмкіндік бар.

"5-10-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру