Ердоған Қазақстанның вирусқа қарсы шараларын жоғары бағалады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Түркия Президенті Қазақстанның індетке қарсы іс-шараларына жоғары баға берді

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларына жоғары баға берді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Хатта: «Кеселге қарсы жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген.

Түркия Президенті вирустан көз жұмған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, науқастардың тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді. Соңында екіжақты стратегиялық әріптестік дағдарыстан кейін қазіргіден де беки түсетініне сенім білдірген.

nege.kz

0 Пікір Кіру