Тоқаев туған күнін қалай атап өтпек? - на politic.bugin.kz
Ақниет Жаманқұл - на politic.bugin.kz Ақниет Жаманқұл

Бұл күнмен байланысты ешқандай мерекелік шара ұйымдастырылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президенттің 17 мамырға деген жоспарларымен бөлісті.

Берік Уәли:"Соңғы күндері бірқатар БАҚ өкілдері "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деген сауал жолдап жатыр,"- деп жазды фейсбук парақшасында.

Биыл 17 мамыр жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен Қасым-Жомарт Кемелұлы үйде жұмыс істейтін болады.

"Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті Президент әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды,"- деп жазды баспасөз хатшысы.

Сонымен бірге мемлекет басшысының бұл күнді отбасы да атап өтпейтіндігі, көрші мемлекетттердің президенттерінен телефон арқылы құттықтауы ғана күтілетіні хабарланды. 

0 Пікір Кіру