Қазақ жеріне айтулы реформа әкелген басшылар - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қазақ жерінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалар

Қазақ елі өзінің айтулы тұлғаларымен қашан да мақтанады. Себебі, олардың бірі қазақ еліне айтарлықтай реформа енгізіп кетсе, енді бірі әлі де тәуелсіз Қазақстанды дамыту үстінде. Бүгін осы тұлғалардың қазақ жеріне енгізген өзгерістері туралы сөз етеміз. 

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан— XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, экономист, этнограф, әдебиеттанушы, мал шаруашылығын зертттеуді ғылыми жолға қоюшы, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді.

Әлихан Бөкейхан – абайтанудың ғылыми негіздемесін жасаған тұңғыш абайтанушы-ғалым. Ол – Абайды «Қазақтың рухани ұстазы» деп бағалап, оның өмір жолы мен шығармашылығын тұңғыш рет жариялап, өлеңдерін құрастырып, баспадан шығарған. Ол – кәсіби аудармашы, көсемсөздің хас шебері. «Иртыш», «Омиш», «Товарищ», «Речь», «Слово» газеттеріне редақторлық жасаған білікті редактор-журналист.

1922 жылдан бері Әлихан Бөкейхан ОГПУ-дің назарында болып, оған Отаны – Қазақстанға келуге тыйым салынған. Осы жылдар аралығында көсемімізді әлденеше рет түрмеге қамап, оған айыппұлда салған. Өмірінің соңына дейін үйқамақта отырды. Үйқамақта отырса да, ғылым саласының өркендеуіне үлес қосып, қазақ мәдениеті мен руханиятына айрықша еңбек сіңірді. Тіпті, Әміре Қашаубаевтың Парижге баруына мұрындық болып, оның ол жақта айтатын әніне шейін таңдап, ол әнінің мән-мағынасы мен киетін киім үлгісіне дейін бәрін тәптіштеп ұлт ұстазы Ахметке жазған хатында баяндаған, оның Парижге барар алдында Ахметтің тәрбиесінде болуын қалап, Ахаңа тапсырған еді.

Қазақтың мәдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің идеологиясы, ұраны, туы ретінде Әлихан ұсынған «Алаш» идеясы зор нәтижеге, жеңіске жеткізді. Бұл идея оның ойында көптен бері жүрді. Мысалға, «Қазақтар» очеркінде ол «Алаш - миф болса-дағы қазақтың ортақ атасы» деп жазса, 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Шыңғыс хан бүкіл мемлекетін төрт баласына бөліп бергенде, Дешті Қыпшақты, Сібірдің күнбатыс жағын, осы күнгі Сарыарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үл­кен баласы Жошыға беріп еді. Ол күнде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел бар еді. Сол алты рудың һәр қайсысына бөлек Шыңғыс алты ұран береді: һәр руға өзіне бөлек таңба, ағаш, қос береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны «Алаш» болыпты.

«Алаш» идеясын алға тартқан Әли­хан: қазақ ұлтшылдығы - ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті.

Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасыр басындағы ғылыми-публицистикалық шығармашылығы, ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметі іс жүзінде қазақ халқының ұлттық-сана сезімінің оянып, Алаш ұлттық идеясының маңайына бірігіп, Қазақ хандығының ыдырауынан кейін қайтадан бірегей ұлт болып қалыптасуына жеткізгені сөзсіз.

Дінмұхамед Қонаев

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев— аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. ХХ ғасырда қазақ халқын әлемге танытқан, жарты ғасырға жуық республика басшылығында, ширек ғасыр мемлекеттің бірінші басшысы болған.

Қазақстан Компартиясының басшысы Н.А.Скворцов 1939 жылы 9 қарашасында Д.А.Қонаевты Риддер кенішіне директорлыққа тағайындайды. Риддерге Д.А.Қонаев келген кезге  дейін пайдалы руда қазбасын табу жоспары орындалмады, жердің бетін жоғары жақтан көлденеңінен қопару жұмыстары аяқталып, тұрақты жұмысқа кірісу ісі арманға айналғандай еді. 

Оның алдында тұрған негізгі міндет құрылып жатқан пайдалы қазбалармен қамтамасыз ететін фабриканы іске қосу жұмыстарын дайындау жəне осы кен ошағын пайдалы рудаларға толтыру керек болды. Ал пайдалы қазбалар өте аз табылатын. Риддердің жұмысын тоқтатып, оны жабудың сəті келгендей-ақ еді. Бұл кезең 1940 жылдарға тұспа-тұс келді. Еуропа мемлекеттері соғыс құшағына оранғандықтан, еліміз де қан майданға əзірленіп жатты. Тура осы жағдайда мыс, құрыш, қалайы немесе басқа түсті металдардың қаншалықты қажеттілік пен сұраныс тудырғандығын айтпаса да болады. Д.А.Қонаев осы өлкедегі жұмысы тоқтауға жақын қалған кен ошағына 1939 жылдың қараша айында келді. Дінмұхамед Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бəрі өзгеріп, өндіріс жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің жəне КСРО қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі кəсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.

1942 жылдың сəуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркəсіп орындарының жұмысымен айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кəсіпорындарының қызметін бақылап, көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір жəне мұнай өнеркəсібін, электр желілері, темір жол тораптары, автокөліктер кəсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз болып, сан салалы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небəрі 30-да ғана еді.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Ол ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.

Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.

Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.

0 Пікір Кіру