Шымкент әкіміне: өтірік соқпа, бұл мектеп саған дейін салынған - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Ғабидолла мырзаның өтірік айтқаны рас па?

Үшінші мегаполис ретінде қатарға қосылып, өзінің даму қарқынымен алдыға жол алып келе жатқан Шымкент қаласындағы Абай ауданының халқы әкім Б.Пармановқа бой бермей, ақыры олардың мәселесіне қала басшысы Ғабидолла Әбдірахманов мырза араласқан болатын. Бұл туралы Ernur.kz сайтына Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы сілтеме жасап баяндайды. 


Қала әкімі халықтың сұрақтарына жауап бере отырып сөзі жалғады:

“... Мен 2015 жылы, сіздер білесіздер, мен бірінші рет әкім болып келген кезде мен осы ауылға келген болатынмын. Сол кезде осы мектеп (Т.Тәжібаев атындағы №81жалпы ортам мектеп) жоқ еді, сол кезде. Сіздер өтініш айттыңыздар, осы жерге мектеп соғып беріңіз деп. Екі жылдың ішінде мен айтқан сөзімді жасап бердім. Жерді алдық, ақша қойдық, мектеп соғып бердік...”.

Сөз жалғасын таппады. Көп ішінен біреу: “соқпа өтірікті, бұл мектепті сен салған жоқсың. Саған дейін салынған”,-деген дауыс естілді. Ауданның үлкендері күңк ете түскеннің ауызын жауып үлгерді. 

Аталған мәселе бойынша зерттеу жасалып, мектеп басшылығымен байланыс орнайды. Ақырында, қала әкімі “салдым” деген мектеп 2012 жылы басталып,  2013 жылы тамыз айында аяқталып, қолданысқа берілген. 

0 Пікір Кіру