Президент: Төтенше жағдайдан кейін қандай өзгеріс болады? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Бүгін, 11 мамырда Тоқаев мәлемдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдан кейін қандай шаралардың қолға алынатынын айтты.

"Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс", – деді Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында.

Президенттің айтуынша, облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Ал қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі. Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек. Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді.

"Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе. Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық пен қатаң санитарлық режим сақталуы қажет", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетейік, бүгіннен бастап төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады. Ал карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру