Ұлттық құндылығымызды қорлап, жалаңаш тәнін көрсеткендер енді сотқа тартылуы мүмкін - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Заңгерлер ұлттық құндылықты қорлағандарды сотқа тартуды талап етті

Ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаш тәнін көрсететіндердің ісі енді заң бойынша сотта қаралуы мүмкін. Заңгер Құрманғазы Мүсір осы мәселе бойынша құқық қорғау мекемелеріне арызданыпты. Құманғазы Мүсірджің айтуынша, оның бастамасын жүздеген адам қолдапты. Сонымен қатар, ол осындай жағдайлар көбейіп кеткендіктен ұлттық құндылықтарымыpды қорғайтын арнайы заң қажеттігін айтады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Жалаңаштану жарнама ма? Бұл жағдай әлеуметтік желіде жас қыздар арасында жаппай белең алып келеді. Блогер Шырын Наршаеваның сәукелені киіп, жартылай шешінуі жұртшылықтың ашуын тудырғаны белгілі. Этнограф-ғалым Болат Бопайұлы мұның бәрі отбасындағы солқылдақ тәрбие мен әлеуметтік желінің әсері дейді.

Салт-дәстүр академиясының академигі Болат Бопайұлы ұлттық киімді киіп бір ұлттың намысын түсірсе  оған жаза қолдану керек деп ойлайды. Себебі ертеңгі күні жалпы барлық қыз сондай істеуі мүмкін екенін айтады.

Заңгерлер ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң қабылдайтын уақыт жетті деп есептейді. Қазақтың сәукелесін жалаңаш тәніне киіп, дүйім жұртты шулатқан бойжеткеннің ісі енді сотта қаралуын мүмкін. Осы мақсатта құзырлы орындарға арыз жазған Құрманғазы Мүсір ұлттық тарих пен мәдениетті қорлағаны үшін сараптама тағайындауды сұрап отыр.

Заңгер Құрманғазы Мүсірден 100-ден астам адам өтініш тастап, осы бойынша көмек беруін сұраған. Бұл халықты ұлттық киімін, тарихи маңызды құндылығы болып саналатын сәукелені киіп, мазақ қылуға болмайтынын атап өтті.

Блогер бойжеткеннің осы іс-әрекетінен соң әлеуметтік желідегі пікір екіге жарылды. Кейбірі бойжеткенді  айыптаса, ендігі бір тобы ақылға шақыруда.

Жәнібек Иманмәзір, Алматы қаласының тұрғыны:

– Ашық-шашық жүруге, жаңағы әлеуметтік желіге шығуға тыйым салу керек. Аталарымыз айтқан ғой «Қыз бұзылса ұлт бұзылады» деп. Міне сол үшін мұның бәріне тыйым салу керек

Қолданыстағы заңдарға сәйкес елімізде ұлттық құндылықтарға қатысты бап қарастырылмаған. Заңгерлердің пікірінше, қалыңдық қана киюге хақылы қастерлі бас киімді қорлайтындар жауапкершілікті сезінетіндей нақты шешім қажет. Сонда ғана мұндай келеңсіздіктерге тоқтам болуы мүмкін.

Айта кетейік, Шырын Наршаева «Астарлы ақиқат» ток-шоуында өз қылығын ар санамайтынын жеткізген еді.

4 Пікір Кіру
  • Ақмарал 18 Қаңтар, 2019

    Қолға алса жақсы болар еді

  • Aigerim 18 Қаңтар, 2019

    Айтып қана қояды булар не нәрсе талай айтылып сол жерде қалмай жатыр

  • Жанат Ерланова 18 Қаңтар, 2019

    Балан жаксы болса жердын беты ал жаман болса жердын астын тылеген ата бабамыздын созы ешкымге асер етпей ме?

  • Улжан Бауыржанова 19 Қаңтар, 2019

    Али тартылуы мумкин деп жатсндарма!? Тартылды деп кашан куантасындар? Колдарынан келема ози? Жанбай жатып баслп калмандарш айтеуир