Карантин режиміне қандай өзгеріс енгізіледі? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Премьер-министр карантин режиміне қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты

Санитарлық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталған кезде, Қазақстанның басқа өңірлерінде карантиндік режим жеңілдетіледі. Кәсіпорындар жұмысын бастайды. Бұл ақпарат туралы премьер-министр Асқар Мамин хабарлады.

20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі жеңілдетілген болатын.

Маминнің айтуынша, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Сонымен қатар ол эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету бойынша тиісті шешім қабылданатынын айтып өтті.

Алдағы уақытта басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмыстарын жалғастыруға рұқсат беріледі.

Премьер-министрдің айтуына қарағанда, мұндай жұмыс елдің басқа да өңірлерінде де жүргізіледі. Дегенмен бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады.

0 Пікір Кіру