«Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады»: Елшілік даулы мақалаға қатысты Қытайға нота жолдады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Даулы мақала

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

«Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді»,- делінген хабарламада.

Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті. Сондай-ақ, Қазақстанның Пекиндегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.

Азаттық рухы

0 Пікір Кіру