Джек Ма Қазақстанға 50 мың қорғаныш кастюмін жіберді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Миллиардер сөзінде тұрды

Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы ) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді. Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.

0 Пікір Кіру