Қазақстанда оқушылар қашықтан оқу форматында білім ала бастады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Мұндай формат елімізде алғаш рет қолданылып отыр

Қазақстандық оқушылар алғаш рет қашықтан оқу форматында білім ала бастады.

Елімізде мектептегі оқудың мұндай форматы алғаш рет қолданылып отыр. Бүгін таңертең сағат 9-дан бастауыш сыныптары үшін теледидардан сабақ өтіп, 1 миллионға жуық қолданушы электрон платформаларды пайдаланып үлгерген. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның парақшасында тікелей эфирде мәлімдеді.

Каринова теледидардағы сабақтың 10 минуттан болатынын айтады.

Оның айтуынша, бұл - тек жаңа сабақты түсіндіру үшін ғана пайдаланылады. Әрі қарай сабақ барысын оқушы тиісті платформалар арқылы мұғаліммен кері байланыс арқылы жалғастырады.

"Біздің қоғам мектептерде қалыпты жағдайда үйреншікті сабақтардың 40 минут болатыны қанымызға сіңіп кеткен. Осылай болуы керек екенін барлығы да біледі. Сондықтан неге бұл сабақ 10 минут деген сұрақтың туындауы орынды. 10 минуттық сабақтардың ішінде мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі бойынша телесабақ жазылған. Тек қана жаңа сабақты түсіндіріп беруі. Бұл сабақ осымен аяқталмайды. 10 минуттық көрсетілімнен кейін, біздің әдістемелік нұсқаулықтарымызда да нақты көрсеттік, әр мұғалім өзінің сыныбындағы балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Тек қана осы видеодан тұратын сабақ емес, әрине. Оқушының қолында оқу құралдары, оқулығы, басқа әдістемелік нұсқаулығы бар. Қандай материалдарды пайдаланып, осы тақырыпты өздігінен игере алады? Өзі үшін оқып алады. (...)", - деп түсіндірді Каринова.

Айта кетейік, еліміздегі мектеп оқушылар қашықтан 4 бағыт бойынша оқып жатыр.

tengrinews.kz

0 Пікір Кіру