42 500 теңге жәрдемақыны тағайындау ережелері өзгеріске ұшырады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Еңбек министрінің бұйрығы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі бұйрығы бойынша, "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Еңбек министрлігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі жаңа құжатта тыңғылықты баяндалады.

Ереженің жаңа редакциясына сәйкес:

Әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезінде қызметі шектеліп, табысынан айрылған жағдайда (бұдан әрі - әлеуметтік төлемдер) келесі категориядағы тұлғаларға төленеді:

1) ақысыз демалысқа жіберілген шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшыларына;

2) карантин енгізілген елді-мекендерде жұмыс істейтін ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлеріне;

3) жалдамалы еңбек күшін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге;

4) жеке ісімен шұғылданатын тұлғаларға;

5) бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар;

6) Азаматтық-құқықтық сипаттағы (ГПХ) келісімдер бойынша табыс табатын, олар үшін салық агенттері міндетті зейнетақы жарнасын төлейтін, тапсырылған жұмысты (қызмет көрсету) орындаушы жеке тұлғалар;

7) мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда, ақысыз демалысқа шыққан коммерциялық емес заңды тұлғалардың (бұдан әрі - коммерциялық емес ұйымдар) қызметкерлері.

Әлеуметтік төлем тағайындалмайтындардың тізімі:

• Төтенше жағдай енгізілген күнге дейінгі 12 ай ішінде Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір рет қатыспағандар, Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілерден басқасы;

• Өтініш қалдырған күнге дейінгі 12 ай ішінде Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде бір айлық төлемі де болмаған Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілер;

• Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай бойына бір де бір рет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне салым салмаған азаматтық-құқықтық сипаттағы (ГПХ) келісім бойынша табыс табатын жеке тұлғалар.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін өтініш келесі жолдардың бірімен жолданады:

1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы;

2) жоғарыдағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларға жататын тұлғалардың абоненттің ұялы байланыс құрылғысы арқылы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда.

Мұндайда өтініш толтыру формасы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес диалог форматында ұсынылады;

3) Enbek.kz порталы арқылы;

4) жоғарыдағы 3), 5) және 6) тармақшаларда көрсетілген адамдарға арналған алдын ала қызмет арқылы. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш талап та етілмейді.

Электрондық үкіметтің веб-порталына, мобильді абоненттік құрылғы арқылы Enbek.kz порталына жіберілген өтініштерге SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады.

Егер жоғарыда аталған 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындамаудың бір немесе бірнеше шарттары болса, онда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш берген жағдайда оларға уәкілетті органның ақпараттық жүйесі автоматты режимде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламалар жолдайды.

Әлеуметтік төлем өтініш берген күннен бастап төтенше жағдай кезеңіне бір рет тағайындалады және тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

ҚР "Төтенше жағдай туралы" Заңына сәйкес төтенше жағдайдың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, әлеуметтік жәрдемақы алушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім төтенше жағдайдың әрекет ету мерзіміне дейін ұзартылады. Бұйрық 2020 жылдың 4 сәуірінде күшіне енеді және 2020 жылғы 2 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

zakon.kz

0 Пікір Кіру