ХХІ ғасырдың батыры кім? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Біле жүріңіз

Әр дәуірдің өз батыры, өз заманына лайық тұлғасы өмір сүрді. Халық олардың еңбегіне қарай ұлықтап, беделдерін көтерді. Себебі, батырдың міндеті елін қорғау, жерін жаудан аман алып қалу.

Өткен тарихта “батыр” деген ұғымға нағыз ерлер, қолына найза, үстіне сауыт киіп, қылышын қанға малған азаматтар кірді. Олар сыртқы жаумен күресіп, елдің тыныштығын сақтады. Яғни, халық жүрегіндегі “батыр” түсінігі елін жаудан қорғайтын, мемлекеттің тыныштығын сақтайтын ерлер еді. 

Араға ғасырлар салып батырлардың орнына қоғам қайраткерлері, білімді және білікті азаматтар шықты. Олар қолдарына найза алып жауға шаппаса да, қалам алып ұрпақ өсірді. Олардан сусындаған ұрпақ елдің ертеңі үшін аянбай тер төгуге аттанды.

Заман ауысып ХХІ ғасырдың табалдырығын да аттадық. Бүгін батырлардың дені әлеуметтің ортасында емес, әлеуметтік желінің ар жағында отыр деп кекетіп жатамыз. Шындығында осы ғасырдың, осы кезеңнің батыры кім? Олардың ерлігі қандай?

ХХІ ғасырдың батыры – дипломат 

Дипломат – кешегі елші. Атауы ресмиленді дегеніміз болмаса, мәні осы елшімен астасып жатыр. 

Дипломат – сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлеріне берілетін жоғары дипломатиялық дәреже. Толық әрі ресми атауы – Төтенше және Өкілетті Елші.

Дипломат түсінігі 1961 жылы Вена конвенциясында бекітілді. 

Белгілі дипломат Сағынбек Тұрсыновтың пікіріне салсақ: “Дипломат – екі ел арасындағы көпір”.

Қазақта “Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан” деген мақал қалған. Аталы сөздің түбін тауып айтқан бұ халықтың елшіге деген құрметі ерекше болған.

Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат кім?

Нәзір Төреқұловтың есімін ел біледі. 

1916 жылдың 25 шілдесінде дипломат патша жарлығынан кейін оқудан қол үзіп, майдан тылындағы жұмысқа аттанады. Шетте жүрсе де іс тындырып, өз жерлестерінің басын қосып “Еркін дала” ұйымын да құрған. 

Нәзір Төреқұлов – қазақтан шыққан тұңғыш дипломат. Тарихтағы әр елшіні айтпаған кезде, бұл нағыз ресми түрде дәреже алған азамат. Ол бүкіл СССР атынан Сауд Арабиясына дипломат ретінде жіберілген. Бұл оқиға 1928жылы орын алды.  

Осы жылдың басында жарқ ете қалған жағымды жаңалықтың бірі Сириядан елге аман оралған қырық жеті азаматымыздың жайы болды. Осы мәселеде шет қалып кетпеуі керек жағдай бар. Яғни, екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі тыныштықты барынша уысынан шығармай қадағалап, бақылап отырған дипломаттың дәрежесінің және оның жемісті еңбегінің арқасында бұл жеңіс жүзеге асып отыр. 

Дипломат екі елдің тарихын, мәдениетін, саясатын, экономикасын жетік білуімен және екі елдің тілін толық меңгеру шеберлігімен ерекшеленеді. Өзге елде бөлінген аумақта жанын шүбірекке түйіп, өзінің Отанына адал қызмет етіп жүрген дипломаттар нағыз бүгінгі заманның батырлары. Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай екеуінің ортасынан жол табу дипломаттардың басты міндеті. 

Дипломаттардың ішінде өзінің қырағы мінезі әрі салмақты ойымен көзге түсіп, мақтау алып жүрген, бәрінен де бәсі жоғары тұрған ол әрине, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов. 

Дипломат келбеті 

Ол сыртқы істер министрінің саяси бөлімі басшысының өзін-өзі ұстауы «қарапайым, түзу, қанағатшыл болуға тиіс; күнделікті күйбеңнен бойын аулақ сала отырып, ол өзін тек қана құпияда ұстайтын істерге арнауға тиіс; оқиғалар мен адамдар туралы анықтама беруге әрқашанда әзір бола отырып, ол барлық шартты үнемі жадында ұстауға, олардың хронологиялық тәртібі мен уақытын білуге, шарттадың күшті және әлсіз жақтарын, олардың жасалғанға дейінгі барысын және жасалғаннан кейінгі салдарын дұрыс бағалай білуге, ең ақырында, келіссөздердегі негізгі өкілетті адамдардың аттарып, тіпті осы өкілеттілердің отбасылық байланыстарын білуге міңдетті «екенін» айтты.

Сыртқы Істер министрінің қасиеттерін атай келіп, Талейран министрге «Өзін-өзі қалай ұстауы керектігін тез сезіне қоятын және қандай да бір келіссөз басталғанға дейін-ақ лайықсыз қылық көрсетіп алмайтындай ерекше сергек те сезімтал болу қажеттігін» айтты, осыны берік ұстана отырып аңқылдақ болып көріну, аңқау түрмен сабырлы болу және тіпті өзі айналысатын істі таңдау кезінде де сақ болу қабілеті қажет, әйтсе де әңгімесушілерге тосын сауалдар қойған кезінде табиғи қалыпта және кейде аңғал боп көрінгені де дұрыс, бір сөзбен айтқанда, жиырма төрт сағаттың ішінде ол бір сәтке сыртқы Істер министрі болмай қалуға тиісті емес».

0 Пікір Кіру