Берлин АҚШ-ты айыптады - на politic.bugin.kz
Әйгерім - на politic.bugin.kz Әйгерім

Германияға қажетті медициналық маскалар АҚШ-қа қайтарылған

Берлин билігі Германияға жөнелтілуі тиіс 200 мың медициналық масканың Америкаға жіберілуіне байланысты АҚШ-ты қарақшы деп айыптады. 

Берлиннің Ішкі істер басқармасының басшысы Андреас Гизельдің айтуынша, Берлиннің полициясына арналған американдық өндірістің FFP2 маскаларының партиясы Бангкокта тәркіленіп, АҚШ-қа жіберілді.

Президент Дональд Трамп Кореядағы соғыс барысындағы заңды қайта қолданып, басқа елдерге медициналық мақсаттағы өнімдерді экспорттауға тыйым салды.

Жұма күні Трамп қорғаныс өнімдерін өндіру туралы заң бойынша американдық компаниялардан елдің мұқтажын қанағаттандыру үшін медициналық тауарларды жеткізуді ұлғайтуды талап ететіндігін мәлімдеді.

Андреас Гизель Берлинге арналған маскаларды ұстап қалу, шын мәнінде "қазіргі заманғы қарақшылық актісі" деп мәлімдеп, Трамп әкімшілігін халықаралық сауда ережелерін ұстануға шақырды.

- Трансатлантикалық серіктестермен олай жасауға болмайды. Тіпті, жаһандық дағдарыс кезінде де Жабайы Батыс әдістерін қолдануға болмайды, - деді ол. 

0 Пікір Кіру