Жайықтан тағы 63 тонна өлі балық шығарылды - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Бұған қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды

Бүгінде Жайық өзенінен 63 тонна өлі балық шығарылды. 2018 жылдың соңында да Атырауда Жайық өзені суының улануынан балық қырылған болатын. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлайды.

Қазір Жайық өзеніне мұз қатып, жұмыс жүргізу мүкін болмай отыр. Балықтың қырылуына байланысты салааралық комиссия құрылып, екі қылмыстық іс қозғалды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері осы мәселеге қатысты Атырау облысына барып, БАҚ-на мәселені түсіндірді.

Балықтардың қырылуына себеп болған экологиялық апат басталғалы бері жергілікті халықта маза жоқ. Тіпті Жайық өзенінде мұз үстінде үкі ойып балық аулаушылар да, базардағы балық өнімдерінің бағасы да түсіп кетті.

Әзірге дейін жайық өзенінде 5,5 тоннаға жуық қара балық және шабақ өсіру зауыты мен тауарлы бекіре балығын өсіру зауытында 57 тоннадан астам бекіре балығы қырылды. Балықтардың зиянды химиялық қосындылардан уланғанын құзырлы орган өкілдері растады.

ҚР АШМ басқармасының басшысы Қадырбек Есқалиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің зертханалық сараптама қорытындысына сәйкес балықтардың қырылуына өзен суының құрамында аммиактың шамадан тыс артуы себеп болғандығы анықталды. Өйткені сол кезеңде Жайық өзеніндегі су құрамында хлоридттердің қалыпты көлемі шамадан тыс артқанын айтады.

Қазір облыста балықтардың жаппай қырылуына қатысты 2 бірдей қылмыстық іс қозғалды. Саларалық комиссия мүшелері тергеу жұмыстары толық аяқталмайынша қандайда бір нақты ақпарат бере алмай отыр. Ал өзенді тазалау жұмыстары соңғы өлі балық қалғанша жүргізілетіндігіне кепілдік берді. Бұл үшін облыстық бюджеттен қосымша қаржы да бөлінеді.

"Біздер іс-шара дайындап қойдық. Мұз ерігеннен кейін с разу біздер қаладағы бүкіл мүмкіндіктерімізді жұмылдырып Жайықта өлген балықтардың бәрін жинап аламыз қалған балықтарды. Мұз ерігеннен соң кері жалғастырамыз да соңғы балық қалғанша жұмыстарымызды жүргіземіз", - дейді Артур облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібеков.

"Жайық-Атырау" бекіре шабағын өсіру зауытында да шығын мол. Олар 175 дана, көлемдеп айтсақ, 2 тоннаға жуық уылдырық беретін аналық бекіре балығынан айырылды. Қазір жүз шақты бас қана қалыпты. Дегенмен осының өзі көктемде азда болса шабақ өсіруге мүмкіндік беретінін айтылады. 

"Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуы өткен жылдың 2 желтоқсанында басталды. Ал 5 желтоқсаннан жаппай қырылу деректері тіркелді. Балық қорғау инспекциясы сол күннен бастап өлген балықтарды тазалауға кіріскен болатын. Бірақ мұз құрсауға айналған өзен арнасын толық тазалап шығу мүмкін болмады. Сондықтан нақты шығын көлемі енді тек көктем келіп, көк мұздың көбесі сөгілгенде ғана белгілі болады", - дейді Бекен Әлирахым.





0 Пікір Кіру