Төтенше жағдай кезінде тойға барған әкім жауапқа тартылды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Төтенше жағдай режимі кезінде тойға барған ауылдық округ әкімін жұмыстан босату ұсынылды

27 наурызда Facebook желісінде Қызылорда облысы Шиелі ауданы "Төңкеріс" ауылдық округ әкіміне шағым түскен. Елде коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында шектеу шаралары қабылданғанына қарамастан, Әлия Нұрманова үйлену тойына қатысқан. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс қорытындысы бойынша, лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар басшылықтың Әлия Нұрманованы ауылдық округ әкімі қызметінен босату туралы ұсынысты қолдағаны айтылады.

0 Пікір Кіру