Алматыда ата-аналарға қандай жағдайда айыппұл салынатыны белгілі болды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ата-аналар қандай жағдайда жауапқа тартылады?

Көшеде және аулада ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты.

«Көшеде үлкен адамдардың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандар ерекше назарға алынады. Мұндай жағдайда олардың ата-анасы немесе қамқоршылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады», – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, ол 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауға кеңес берді.

coronavirus2020.kz/kz/

0 Пікір Кіру