Трамп наурыз мейрамымен құттықтады - на politic.bugin.kz
Есенбай Ізбасаров - на politic.bugin.kz Есенбай Ізбасаров

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады

Трамп президентіміз Тоқаев мырзаға хат жазып, Қазақстанды Наурыз мерекесімен құттықтап, әріптестікті дамыта түсетінін айтты. Хаттың соңына«Наурыз құтты болсын»деп қазақша жазғаны қуантты.

«Құрметті Президент мырза,

Сізді, отбасыңызды және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз адамдарды біріктіретін бірлік, мейірімділік пен жаңару мерекесі саналады.

Өткен жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Еліңізді америкалық бизнес үшін одан әрі тартымды ете түсетін реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Біз Ауғанстанда бейбітшілік орнату жолында бірлесіп жұмыс істеп жатқандықтан, екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықтың келешекте дами беретініне сенім білдіремін. Наурыз құтты болсын!» - делінген АҚШ президенті жіберген құттықтауда. 

1 Пікір Кіру