Алматыда карантин ережесін бұзған 39 адам қамауға алынды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Мәселе

Алматыда  карантиндік ережені бұзған 84 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 39 тұрғын сот шешімімен қамауға алынған. Жауапкершілікке тартылғандардың 73-і тосқауылға қарамастан қала шекарасын айналып өтпек болғандар, 11-і кәсіпкерлік субъектілер. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жауапкершілікке тартылған тұлғалардың бәрі төтенше жағдай кезіндегі тәртіпті елемей, тосқауыл бекеттері мен белгіленген шекаралық аумақты айналып өтпек болған. Аталған азаматтардың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай- ақ қалалық прокуратура өкілдері кәсіпкерлік куәліксіз қымбат бағаға медициналық маска сатып жүрген 9 фактіні анықтап, 4 миллионнан аса қорғаныш құралын тәркілеген. Қоғамдағы маска тапшылығын өз пайдаларына шешпек болған азаматтардың үстінен ҚР ҚК 214-бабының 1-бөлімімен сот тергеуі жүргізіліп жатыр. Ал тәркіленген маскалар Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Азаттық рухы

0 Пікір Кіру