Қазақ баласы математикадан топ жарып, әлемді аузына қаратты - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Әлемнің 18 елінен келген 540 дарынды

Алматыда Орымбек Жəутіков атындағы XV халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадада әлемнің 18 елінен келген 540 дарынды білімін сынады. Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Мажит алтын медальді қанжығасына байлады. Бұл туралы Аbctv.kz хабарлайды.

Олимпиадада Санжар 11-сынып оқушыларымен сайысқа түсті. Дарынды бала дүниежүзі бойынша қазақ баласына математикадан тең келетін қарсылас жоқ екенін дәлелдеді. Осылайша ол бірінші орын мен алтын медальге ие болды. Сөйтіп  ол Қазақстанның атын әлемге танытып, жеңіс тұғырында қазақтың көк байрағын желбіретіп, әнұранын шырқатты.

Айта кетейік, Санжармен қатар Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушылары Айдын Ардабек пен Жандос Əбдіғалиев математика пəнінен қола, 11-сынып оқушылары Əмірхан Байлин мен 9-сынып оқушысы Рауан Қалдыбаев физика пəнінен қола медальға қол жеткізді.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге Астанадағы Назарбаев университетінің,  Алматыдағы Сүлеймен Демирель университетінің жəне Мəскеудегі жоғары экономика университетінің гранттары табысталды.

0 Пікір Кіру