Түркістан қаласы әкімі тұрғындармен онлайн жүздесулер өткізеді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қала әкімі тікелей эфирде

Әлемдік деңгейде орын алып жатқан COVID-19, коронавирус індеті елімізге де келіп, нәтижесінде күн сайын індеттің  залалын жұқтырған азаматтар саны өсіп жатыр.


Індет таралуын болдырмау мақсатында, өзге елдердің тәжірибесіне сүйене, Үкімет тарапынан барлық елді мекендерге арнайы бұйрық таратылған. Төтенше жағдай кезеңінде сауда саттық және басқа да қызмет көрсету орындарында қадағалануы тиіс шектеулер белгіленген құжатта азық түлік сатылым және қоғамдық тамақтану орындарынан басқа барлық ірі сауда саттық орындары жабылуы ұсынылған.

Түркістан қаласында індетке шалдыққан азамат тіркелмеген және алда да болдырмау мақсатында қалалық әкімдік тарапынан бүгіннен бастап ірі базарлар жұмысын тоқтатты. Бұл жерлерде тек азық түлік қатарлары мен қоғамдық тамақтану орындары жұмысын қатаң дезинфекциялау шараларын іске асыра ғана жалғастыратын болады.

Бұл жайлы қала басшысы Рашид Аюпов үш күн алды ескертіп, демалыс күндері базарларға барып тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Бұл орайда саудагерлермен де жеке әңгімелесіп, елімізге төнген қиын жағдайда бағаны шарықтатпай, мүмкіндігінше бірқалыпты ұстауға келісімге келген. Қарсылық білдіріп, негізсіз баға көтеретін саудагерлерге жол берілмейтінін де тікелей эфирде айтып өтті. Қазіргі кезде тұрғындарды қабылдай алмайтынына байланысты, бірақ дәл осы күндері халықпен байланысты үзбеу маңызы зор екенін атап өткен Рашид Абатұлы күнделікті, мүмкіндігінше өз парақшасында тікелей эфир арқылы халықпен онлайн кездесулер өткізіп отыратынын да білдірген.

Бүкіл әлем тұрғындарын қамауға алған індет қазақстандықтарды да айналып өтпеді. Түрлі шектеулер енгізіліп, көптеген қызмет көрсету орындары жұмыс тәртібі өзгеріп жатыр. Төтенше жағдай кезеңінде халықпен бұрынғыдай кездесулер өткізе алмайтынын айтқан Түркістан қаласы әкімі

Наурыздың 21-нен бастап өз парақшасында күнделікті тікелей эфирге шығатынын мәлімдеді. 

Халық алдындағы жылдық есебін де басқа басшылардан өзгеше өткізген жаңашыл әкім, қазіргі жағдайда да тұрғындарды бейімделіп, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігін қолдануға шақырған.

Әкімнің халықпен байланыс үзбеу тәсілін қолдануын тұрғындар қуана қарсы алған. Екі кеш бойы көкейіндегі сұрақтарын қойып қалалық атқарушы орган басшысына алғысын білдіруде.

0 Пікір Кіру